Ұрыны ұстауға көмектескен ит. Қарағандыда Винс
атты төбеттің арқасында шіркеуден садақа жәшігін ұрлаған сұғанақ қолға түсті.
Қызметтік ит полицейлерді қарақшының үйіне тура ертіп апарған.
Облыстық
ішкі істер департаменті таратқан ақпаратқа сай, 25 жастағы қала тұрғыны түн
жамыла шіркеудің терезесін сындырып ішке кірген. Оңай олжаға кенелмек болған
ол ақшасы бар жәшікті арқалап әкетеді. Шіркеу қызметкерлерінің айтуынша,
қаржыны ғимаратты жөндеу жұмыстарына жұмсау жопарланған екен. Алайда онда қанша
ақша болғаны белгісіз. Енді қаржысы бар жәшік шіркеуге кері қайтарылатын
болды.
Кінәсін мойындаған ұры уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Күдіктіге
қатысты бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді
кинолог Бекзат Жетпісбаев. Сондай-ақ, ол ақылды иттің қылмысты ашуға қосқан
алғашқы көмегі емес екенін айтады. Винс бұған дейін де бірнеше істің дер
кезінде ашылуына көмектескен.
Бекзат Жетпіспаев, Қарағанды облыстық ІІД
кинология орталығының кіші инспекторы, кинолог:
Жұмысқа лайықты, команданы жақсы түсінеді. Бүкіл
команданы біледі. Қылмыскердің ізімен оның пәтеріне дейін алып барды.
Айжан
ҚУАШ