Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан азаматы лаңкестік актіні тергеген құқық қорғау органдарына жалған ақпарат бергенін мойындамақ

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2015
  • 1195

Қырғызстан азаматы Хайрулложон Матанов Бостондағы лаңкестік актіні тергеген құқық қорғау органдарына жалған ақпарат бергенін мойындамақ. Бұл туралы АҚШ соты жариялаған құжаттар айғақтайды,- деп ТАСС агенттігі хабарлады.

Прокуратураның ақпарына сай, Куинси қаласында такси жүргізушісі болып істеген Матанов басты күдіктілер ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтың досы болған.

Еске салайық, 2013 жылдың сәуірінде АҚШ-тың Бостон қаласында марафон мәресі маңында арақашықтығы 12 секундтан екі жарылыс болған еді. Лаңкестердің әрекеті қайғылы жағдайға соқтырып, 3 адам қаза тапты.Тағы да 260-тан астам тұрғын жараланды. Ал жарылысты жасады деп айыпталған ағалы-інілі Царнаевтар сотқа тартылды.

Сондай-ақ,  қазақстандық қос студент Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжияқов лаңкестердің кішісі  Джохар Царнаевқа айғақтарды жасыруға жәрдем жасады деп құрықталды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА