Русский Сайттың толық нұсқасы

Апат болған «AirAsia» компаниясының ұшағында өрт те, жарылыс та болмаған

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2015
  • 851

Апат болған «AirAsia» компаниясының ұшағында өрт те, жарылыс та болмаған. Индонезия билігі осындай мәлімдеме жасады. Олардың ақпараты бойынша, апат теңізде орын алды. Өйткені, ұшақтың сынып түскен бөлшектерінде жарылыстың, не өрттің ізі табылмаған. Бұл туралы Индонезия көліктегі қауіпсіздікті сақтау ұлттық басқармасының жетекшісі Татанг Курниадин айтты деп хабарлайды «ТАСС»  агенттігі.

Олар лайнер сынықтарын толық зерделеп болған. «Қайғылы жағдай теңізде орын алды десек те, апаттың нақты себептерін тек қара жәшіктерді оқып шаққаннан кейін ғана айта аламыз»- деді Курниадин. Оның айтуынша, қара жәшіктің біреуі Джакартада. Ал екіншісі жақын уақытта жеткізіледі. Дегенмен билік қара жәшіктердегі жазбаларға қатысты нақты деректерді қашан жария етітіндерін айта алмай отыр.

Сарапшылар алдын ала мәлімет алу үшін кемінде 1-2 апта уақыт кететінін болжайды. Естеріңізде болса, «AirAsia» компаниясының лайнері әуеге көтерілгеннен кейін 40 минуттан соң радарлардан жоғалып кеткен болатын. А-320-200 ұшағының бортында сол кезде 155 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған еді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ