Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбәрактың жазасын жеңілдетті

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2015
  • 1024

Мысырдың кассациялық соты сыбайлас жемқорлыққа бой алдырғаны үшін айыпталған елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрактың жазасын жеңілдетті. Бұл жайында Ройтерс хабар таратты. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында Египеттің бұрынғы көсемі 14 миллион АҚШ доллары көлеміндегі мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп танылып, үш жылға сотталған болатын.

Оның ұлдарына да дәл осындай кінә тағылып, олар да 4 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Өз жазасын Қайырдағы әскери госпитальде өтеген Хосни қорғаушысы 86 жастағы экс-президенттің жақын күндері үй қамағынан босатылатынын да мәлімдеді.

Айта кетелік, Хосни Мүбәракқа берілген жаза осымен екінші мәрте жеңілдетіліп отыр. 2011-ші жылы шеруге қатысқандардың өліміне қатысы бар деген айыптау да 2014-жылдың қараша айында алынып тасталған болатын.

Ерлан КАРИН