Русский Сайттың толық нұсқасы

Бақытжан Жақсалиев: Калачи ауылы тұрғындарының ұйқы ауруына шалдығуына уран шахталары себеп деуге негіз жоқ

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2015
  • 2900

Калачи ауылы тұрғындарының ұйқы ауруына шалдығуына уран шахталары себеп деуге негіз жоқ. Бұл туралы энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты. Шенеунік: «Калачидегі радиация мөлшері Астана мен Алматыдағыдан жоғары емес»,- деді.

Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Адамдар ол жерде бұрын болған уран шахталарының әсерінен ұйықтап жатыр деуге негіз жоқ. Бүгінде Калачи ауылының ядролық қауіпсіздігіне қатысты толық зерттеу жүргізіліп жатыр. Ол жерде жұмыс істеп жатқан арнайы топ ауадағы радиация мөлшерінен қандай да бір ауытқушылық байқаған жоқ.

Жақсалиев сонымен қатар аймақта қаңтарылған уран шахталарын залалсыздандыруға қатысты жұмыстардың жалғасып жатқанын айтты. Ал Калачиде ұйқы ауруы әлі де дендеп тұр. Ақпарат құралдарында «Красногорск ауылының әкімі ұйқы ауруымен ауруханаға түсті» деген мәлімет тарады. Сондай-ақ, кеше кешкісін үш бала емдеу орнына жеткізілген.

Жалпы өткен жылғы наурыздан бері «энцефалопатия» диагнозымен ауылдың 100-ден астам тұрғыны терең ұйқыға кетті. Өкініштісі, мамандар айтпай келген аурудың нақты себебін әлі таба алмай отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ