Русский Сайттың толық нұсқасы

Көмек ретінде АҚШ Укранинаға 2 млрд. доллар несие бермек

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2015
  • 1291

«АҚШ Укранинаға 2 млрд. доллар несие бермек», -деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден мен Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюктің арасында болған телефон арқылы келіссөздерден кейін белгілі болған.

Бұған дейін қаржылық көмек жайында Американың қаржы министрлігі айтқан-ды. Несиенің алғашқы 1 млр
-ды жылдың бірінші жартысында, қалған млрды жыл соңында аударылады.

Еске салайық, бұған дейін Арсений Яценюк Джозеф Байденмен газ мәселесін талқылап, халықаралық ұйымның Украинаға қаржылық көмек көрсету бағдарламасының кеңейтілуі жөнінде сөйлескен еді. Өз кезегінде Ураинаның сыртқы қарызы 11 млрд долларға жетіп отыр. Бұл қарызды ел 2015-ші жылы қайтаруы тиіс.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ