Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол патрульдік полициясы қызметкерлерінің кәсіпқойлық деңгейін тексеріп, қайта аттестациядан өткізу керек

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2015
  • 1435

Жол патрульдік полициясы қызметкерлерінің кәсіпқойлық деңгейін тексеріп, қайта аттестациядан өткізу керек. Мұндай ұсынысты Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке Парламент Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов жолдады.

Айтуынша, жол қозғалысы туралы жаңа ережелерге қатысты жұртшылық тарапынан наразылық туындауына орай осындай пікірге келген. Депутат әсіресе, автоорындық пен дәрі қобдишасына қатысты өзгертулер қоғамды дүрліктіріп отырғанын атап өтті.

«Жол қозғалысы туралы заң нормаларына өзгертулер енгізуге тек жарты жыл ғана уақыт берілген. Шикілік осыдан туындап отыр. Бастапқыда жаңа заңды қолдану нормаларын реттеп алып, халыққа түсіндіру жұмысын дұрыс жүргізу керек еді. Бүгінде жол ережесіндегі өзгертулерді қарапайым адам тұрмақ, жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің өзі біле бермейді» - деді Дулат Құсдәулетов.

Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің кәсіпқойлығын тексеріп, заң талабын біліп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғау және оны түсіндіру ісімен айналысуға міндеттеу қажет. Дәл қазіргі сәтте құқық қорғаушыларды қайта аттестациядан өткізу маңызды деп есептеймін.

Жұрағат БАМАН