Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы тарихының ертеден басталатынын дәлелдейтін құнды жәдігерлер табылды

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2015
  • 1726

Алматы тарихының ертеден басталатынын дәлелдейтін құнды жәдігерлер табылды. Шаһардың іргесіндегі «Көк қайнар» елді мекенінде археологтар біздің дәуірімізге дейінгі II-III ғасырларға тән бұйымдарға кезікті.

Ғалымдар алтынмен апталған барыс пен қыран бейнесіндегі заттардың Сақ дәуіріне жататынына шүбә келтірмейді. Бұйымдар әйел адамның бас киіміне сән беретін әшекей болуы мүмкін. Сондай-ақ қазба жұмыстары кезінде шыққан қоладан құйылған айна да ерекше құнды жәдігер санатына енгізіліп отыр. Қорғаннан қыш ыдыстар, моншақтар мен сақиналар табылды.

Айта кетейік, Алматыда мемлекет қорғауына алынған 16 қорған бар. Өкінішке орай, олардың көбі тоналып кеткен. Археологтар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қорғандарды зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізуде. 

Сержан Саров, Алматы тарихы мұражайының бөлім меңгерушісі:

Көптеген қорғандарға қауіп төніп тұрады. Өйткені Көкқайнардағы бірінші қорған мұсылман зиратының ішінде орналасқандықтан, күн сайын зират көлемі үлкейгендіктен, қорғанның жоғалып кету қаупі төніп тұр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ