Батыс
Қазақстанда бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасы белең алуда. 2013 жылы
Оралда осы аурудың 2 дерегі тіркелсе, араға жыл салып, бұл көрсеткіш 6 есеге
дейін өскен.
Санитар мамандардың дерегінше, өңірдегі Зеленов пен Бөрлі
аудандарында, сондай-ақ
Орал қаласында осы аурудың табиғи ошақтары бар. Кеселге қарсы күрес жұмыстарына
былтыр 33 миллион бөлінген. Биыл да қосымша қаражат
қарастырылып отыр.
Айта
кетейік, бұл індеттің зардабы оба ауруына парапар. Табиғи ортада вирус кенелер
мен тышқан секілді кеміргіштерден және жабайы жануарлардан жұғады. Адамға дерт
сойылған ауру малдың қаны арқылы да жұғуы мүмкін. Тіпті науқас адамға күтім
жасау кезінде оның қанымен де тарауы ықтимал.
Мұхаммед
Арыспаев,
БҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:
Біздің облыста осы аурудың табиғи
ошақтары жетіп артылады. Сондықтан табиғатқа қарсы ештеме жасай алмаймыз. Бар
қолымыздан келетіні - ауру шыққан жерді арнайы дәрілермен өңдеп, дератизациялық
жұмыстарды жүргізу ғана.
Еркін КАРИН