Русский Сайттың толық нұсқасы

Петр Порошенко Астанада өтетін жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысуға ниетті екенін білдірді

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2015
  • 755

«Норманд төрттігі» елдері басшыларының кездесуіне Астана дайындықты бастап кетті. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім еткен.

Айта кетелік, осыған дейін Ақорданың баспасөз қызметі бейсенбі күні Украина, Ресей, Германия мен Франция елдерінің көшбасшыларының кездесуі Елордада қаңтар айының соңында өтетіні туралы хабарлаған еді. Әзірге бұл басқосудың нақты қай күні болатыны белгісіз.

Хабарламада, оның уақытын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Петр Порошенко телефон арқылы пысықтағаны айтылған. Телефон арқылы мемлекет басшылары Украинадағы қазіргі жағдайды, сонымен қатар екіжақты әріптестік мәселелерін де талқылапты.

Петр Порошенко сөз арасында Астанада өтетін жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысуға ниетті екенін де білдірген. Айта кетелік, қазақ президентімен телефон арқылы сөйлесуге украиналық әріптесі себеп болыпты.

Ерлан КАРИН