Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалықтар жергілікті географиялық сағат белдеуіндегі уақыт өлшемін бір сағатқа кері шегеруді өтінуде

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2015
  • 1054

Қызылордалықтар жергілікті географиялық сағат белдеуіндегі уақыт өлшемін бір сағатқа кері шегеруді өтініп отыр. Мың жарымға жуық адамның қолы қойылған өтінішті сенатор Мұрат Бахтиярұлы ел премьері Кәрім Мәсімовке жолдады.

Депутаттың айтуынша, 2005 жылғы 15 наурыздағы мемлекеттік қаулыға сәйкес Қазақстанда жазғы және қысқы уақытқа көшу тоқтатылды.

Бұған дейін Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарымен бір сағаттық белдеуде болып келген Қызылорда облысының уақыт өлшемі дағдылы уақытынан бір сағат ілгері жылжыған болатын. «Ал үйреншікті уақытты халықаралық уақыт белдеуіне сәйкестендіру мақсатында өзгертілген өлшем жергілікті халыққа қолайсыздық тудыруда» - дейді Мұрат Бахтиярұлы.

Мұрат Бахтиярұлы ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Табиғи дағдылы үйреніскен биологиялық уақытты бұзу облыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, көңіл-күйіне кері әсерін тигізуде. Бұл әсіресе күз-қыс, көктем мезгілдерінде қатты сезіледі. Таңертең бала-бақшаға, мектепке баратын балалардың ұйқысынан табиғи уақытынан бір сағат ерте тұруы, тас қараңғыда мектепке баруы балалардың денсаулығына, сабақ үлгеріміне кері әсер ететінін мұғалімдер де дәрігерлер де үнемі айтып келеді.

Жұрағат БАМАН