Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада сабақ үстінде сыныптасын өлтірген оқушыға қатысты қылмыстық істі тергеу тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2015
  • 1191

Астанада сабақ үстінде сыныптасын өлтірген оқушыға қатысты қылмыстық істі тергеу тоқтатылды. Бұған күдіктінің қылмыс жасаған кезде істеген әрекеті үшін жауап беретін жасқа толмауы себеп. Бұл жөнінде қалалық прокуратура хабарлайды,- деп жазады Интерфакс Қазақстан.

Сонымен қатар, хабарламада «психикалық емдеу орталығында тіркеуде тұрған баланың жалпы білім беретін мектепте оқуына жол берген денсаулық сақтау және білім беру саласындағы лауазымды тұлғаларге қатысты іс ІІМ тергеу департаментіне берілгені» айтылады.

Еске салайық, өткен жылдың 16-қыркүйегінде Астанадағы нөмірі 76-ыншы мектеп-лицейде 8 сынып оқушысы өз сыныптасына қаламсап сұғып алды. Жарақат салдарынан оқушы сол жерде жан тапсырды. Артынша, күдікті оқушының психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрғаны анықталған.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА