Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық православ дінінің өкілдері шоқыну рәсімін атап өтті

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2015
  • 1062

Қарағандылық православ дінінің өкілдері шоқыну рәсімін атап өтті. Христиан православтарының сенімі бойынша, қаңтардың он сегізінен он тоғызына қараған түні суда емдік қасиет пайда болады. Судың әсерін сезінгісі келгендердің көп болғаны сонша, облыс бойынша 16 мыңдай тұрғын, мұзы ойылған ойықтарға шомылды.

Қарағандыда ауа температурасы небәрі минус 7 градусты көрсетті, ал су 1 градус суық болды. Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің айтуынша, аталған мерекеге орай, аймақта 13 ойық жасалды. Оның түбі арнайы қауіпсіздік қондырғыларымен бекітілген. Ойықтардың тереңдігі бір жарым метрден аспайды.

Айта кетейік, өңірде түнде суға шомылуға тиым салынған. Діндарлардың айтуынша, православ дінінде шоқыну кезінде суға түсіп, күнәдан тазарады деген ұғым жоқ. Халық діни мерекені өз еркімен осындай салтқа айналдырған деп түсіндірді. Діни сенім бойынша, дәл осы күні Иса пайғамбар Иордан өзеніне түсіп, шоқынған деседі.

Шомылғанда біз рухани және тән тазалығына ие боламыз. Әрі, өзіміздің осындай сынақтан өте алатынымызды дәлелдейміз. Суық судан қорықпағанымызға қарағанда, ерік-жігеріміз бар деген сөз.

Айжан ҚУАШ