Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте атыс болып, екі адам жарақат алды

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2015
  • 1357

Шымкентте атыс болып, екі адам жарақат алды. Біреуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Оған қоса, кездейсоқ өтіп бара жатқан қыз баланың оң қолына травматикалық қарудан атылған оқ тиген. ІІД дерегінше, оқыс оқиға қаңтардың 13-інен 14-не қараған түні болған.

Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен бес адам қамауға алыныпты. Алдын-ала тергеу барысында мәлім болғанындай, «Ниссан» автокөлігін тақымдағандар «Тойота камри» көлігіне шолақ мылтықтан оқ жаудырған. Бірақ, қашып үлгерген жәбірленушіні қуып жетіп, травматикалық қарумен басынан жаралапты.

Бұл қылмыс Момышұлы көшесіндегі дүкендердің бірінің бейнекамерасына жазылған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы жайтқа байланысты «адам өлтіруге оқталу»  дәйегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Сезіктілердің сөзінше сәуір айында жәбірленуші күдіктілердің бірімен төбелесіп қалған. Бұл соның қайтарымы көрінеді. Айта кетейік, 21 жастағы жәбірленуші де жауапқа тартылуы мүмкін. Әзірше басынан оқ тиген оның жағдайы ауыр дейді»,- ішкі істер қызметінің өкілдері. 

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы: 

Қазір де осы қылмыс бойынша жәбірленуші болып есептеліп жатқан азамат та қарақшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Автокөлігі ол да қарақшылық шабуыл жасаған кезде алып кеткен. Ол негізінде ақ түске бояп алған өздері. Және осы тайота камри автокөлігіне жалған нөмірлерді тағып жүрген.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ