Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында Ан-2 ұшағының бортында болған тағы бір адам Шу аудандық ауруханасына сенавиациямен жеткізілді

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 1486

Жамбыл облысында Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауына ауа-райы себеп болуы мүмкін. Бұл жайында Жамбыл облыстық ТЖД ресми хабарлама таратты. Оқиға орнында біздің тілшіде жүр. Оның анықтағанындай, апат орнына бөгде адамдар өткізілмейді.

Ұшақ бортында болған 6 адамның мәйіті табылды. Тағы бір адам Шу аудандық ауруханасына сенавиациямен жеткізілген. Апатқа ұшыраған ұшақ «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі емес болып шықты. Бұл туралы корпорацияның баспасөз хатшысы Владимир Магай арнамызға хабарлады. Ұшақ «Олимп Эйр» ЖШС-не тиесілі.

Айта кетейік, кеше түс ауа Жамбыл облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. " Ұшақ Балхаштан ұшып шығып, Шу ауданы аумағындағы Шатыркөл кенішін бетке алған. Оның бортындағы жеті адамның үшеуі  - экипаж мүшелері, өзгелері "Қазақмыс" корпорациясының қызметкерлері болған. Қазір алты адамның мәйіті табылды. Ал жетінші жолаушы, "Балқаштүсті метал" кәсіпорнының бас геологы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар тобы мен Ішкі істер органдарының өкілдері жұмыс істеуде.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА