Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшылар: Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия жұмысы сайлау науқаны сапасын арттырады

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2015
  • 1645

Халықаралық байқаушылар мен сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия жұмысы саяси науқанның сапасын арттырмақ. Сарапшылардың пікірі осыған саяды. Олардың пайымынша, сайлау комиссияларының, БАҚ мен байқаушылардың бұл мәселеде тәжірбиесі бар, сондықтан сайлауды өткізу процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. 

Вячеслав Абрамов, «Власть» баспа үйінің бас редакторы:

Халықаралық байқаушыларға Қазақстан қай уақытта болсын ашық мемлекет. Олар сайлау қорытындысына түрлі баға беруі мүмкін. Десек те, Қазақстан сайлау науқанында ешкімге ешқашан есіктерін жауып көрмеген. Сайлауда отандық байқаушылардың болғаны да өте маңызды. Соның арқасында сайлау комиссиясы, байқаушылар, БАҚ өкілдері - барлығы тәжірбие жинақтап, сайлауды кәсіби деңгейде өткізуде.

Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:

Байқаушылар келіп, тіркелуде. Демек, бірлескен жұмыстар жүріп жатыр. Олар ескертулер жасаса да, олқылық тез арада түзеліп жатыр. Қоғамдық комиссия бізде 1999 жылдан бері бар, тәжірбиесі де мол. Менің ойымша, комиссия жұмысы сайлау процесінде оның сапасын арттыруға жұмыс істемек. 

Берік ХАСЕНОВ