Аудан,
қалалардың бюджеттерін қайта қарау қажет. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниял
Ахметов бүгін өңір әкімдеріне осындай тапсырма берді.
Айтуынша, қаржылық
экономика ең алдымен қала мен аудандарды абаттандыруға жұмсалуы тиіс. «Бұл
бағдаралама ауыл аймақтарда қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіншілік береді» - деді
Ахметов.
Облыс басшысы сондай-ақ, әкімдерді құрылыс жобаларын қайта қарауға
міндеттеді. Ұзақ мерзімге созылған құрылыстарды тәмамдап, тұрғын үй саласындағы
олқылықтарды реттеуді тапсырды.
Ауыл шаруашылығындағы түйткілді мәселелерді
реттеп, егістік аумақтарын тиімді пайдалануды оң жолға қойып, саладағы
экономикалық шығындарды санап, қысқартуға үндеді.
Даниал
Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Семейде
құны 11 миллиард теңгеге салынған жаңа аурухана жартылай жұмыс істемей тұрғанын
білеміз. Ауылды аймақтарда салынған мектептер де толықтай қызмет істеп тұрған
жоқ. Бұл бізге бөлінген қаржылық ресурстардың дұрыс пайдаланылмауының белгісі.
Сондықтан бюджеттік ресурстарды қайта санап, қаржыны керекті салаларға бағыттауымыз
қажет. Бір сөзбен айтқанда, қаржы нәтижелі жұмсалуы тиіс.
Жұрағат БАМАН