Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазіргі уақытта «Ан-2» ұшағының қара жәшігі іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 1551

Қазіргі уақытта «Ан-2» ұшағының қара жәшігі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы бүгін Қарағанды облыстық көлік прокуратурасы ақпарат таратты. Төтенше жағдай мамандары апат қалың тұманның салдарынан орын алуы мүмкін,-деген жорамал жасап отыр.

Сондай-ақ, «АН-2» ұшағының қарағандылық «Олимп Эйр» авиакомпаниясына тиесілі екені анықталды. Компания меншігінде осындай 5 әуе көлігі бар. Олар жекеменшік тапсырыстар бойынша ғана қызмет көрсетеді.

Компания директоры Владимир Кручтың арнамызға хабарлауынша, құлаған әуе көлігі 42 жыл қолданыста болған. Алайда, оның техникалық жағдайынан қандай бір кінәрат шығуы мүмкін емес, -деді.

Владимир Круч, «Олимп Эйр» ЖШС директоры:

Ұшақ 1973 жылы шығарылған. Керемет ұшақ, 2002 жылы күрделі жөндеуден өткізілген. Штаттан тыс қандай бір кінәрат тапқан емеспіз. Бұл - аяқ астынан болған оқыс оқиға. Қарағанды облысынан Жамбыл облысын бетке алған ұшақта 7 адам болған. Оның үшеуі борт қызметкері. Қалған төртеуі «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері екені мәлім. Бүгін Қарағанды облысының әкімдігі қаза тапқандар отбасыларына материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Олардың бесеуі Қарағанды тумалары.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Апатта қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Кешеден бері звондап, жай-күйлерін біліп жатырмыз. Ең бірінші жерлеу рәсімін өз мойнымызға алдық.

Айжан ҚУАШ