Русский Сайттың толық нұсқасы

«Дакар» марафоны мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2015
  • 1186

Төрткүл дүние көзтіккен «Дакар» марафоны мәресіне жетті. Әлем мықтылары қатысқан жарыста бақ сынаған еліміздің «Астана» командасы жанкүйерлер сенімін ақтап қайтты. Тұңғыш рет жол талғамайтын көліктер жарысында Айдын Рахымбаевтың экипажы жалпы есепте 9-орынға қол жеткізді.

«Тойота» көлігін мінген Бауыржан Исабаев та көштен қалмай, алғашқы 20 мықтының қатарынан орын алды. Жарыс барысында орын алған қиындықтарға қарамастан, жұдырықтай жұмылған Артур Ардавичустың экипажы жалпы есепте 22-ші орынға тұрақтады. Әрине, өткен жылдармен салыстырғанда «Астана» командасы спортшыларының нәтижесі жылдан жылға жақсарып келеді. 

Айдын Рахымбаев, «Дакар» марафонына қатысушы:

Біздің оныншы орнымыз - 10 жылдық еңбек. Он жылдың ішінде біз, орысша айтқанда, любительский спортта алдымен 5 жыл бастап, ал ақырғы 4 жыл профессионалдық спортқа қатыстық. Осының бәрі - он жылдың еңбегі. 

Самат ҚАНАҒАТОВ