Тағы
бір ақпар. 22 қаңтар күні Астанада ауа
температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып
оқушыларына сабақ тоқтатылды.
Бұл туралы мәлімет елорда әкімдігінің ресми
сайтында жарияланған. Ал, «Қазгидромет» қаңтардың 23-і мен 26 сы
аралығында республиканың барлық
аумағында ауа температурасы күрт төмендейтінін хабарлады.
Осыған орай
бүкіл облыстарда ескерту жарияланды. Бұл жөнінде
ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Базаркүл
ОТЫНШИЕВА