Русский Сайттың толық нұсқасы

Басты назар бизнес иелерінің құқықтары мен мүддесін қорғауға аударылады

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2015
  • 1118

«Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бизнес иелерінің Қазақстан даму банкінен мемлекеттік бағдарламада қаралғандай субсидия мен өзге де қолдау бойынша қаржы алуына жәрдемдеседі». Бұл жөнінде Ұлттық палатаның төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.

Палатаның 2015 жылға арналған міндеттерін айқындаған Құлыбаев басты назар бизнес иелерінің құқықтары мен мүддесін қорғауға аударылатынын айтты. Жер телімдерін бөлу және  құрылыста, мемлекеттік сатып алуларда әкімшілік кедергілерді азайту қолға алынады.

Өңірлерді дамыту картасы аясында индустриалды аймақтар құру және республикалық деңгейдегі жобаларды қолдау, қаржы ресурстарының қолжетімділігі мәселеге арқау болды. Мемлекеттік сатып алу мен қазақстандық қамту жайы назардан тыс қалмады.

Тимур Құлыбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы:

«Премьер-Министр барлық мемлекеттік органдарға, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына сатып алулардың ережесі әділ болуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Осы мәселе бойынша  кәсіпкерлермен кері байланыс орнатуға тиіспіз. Бұл отандық тауар өндірушілерді қолдау  механизмдерін жасақтау үшін қажет. Кәсіп иелерін қолдау Еуразия экономикалық одағы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымына ену қарсаңында аса маңызды.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА