Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ пен Еуропалық одақ Украина дағдарысына орай Мәскеуге қатысты шектеулерді қатаңдата түспек

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2015
  • 996

АҚШ пен Еуропалық одақ Украина дағдарысына орай Мәскеуге қатысты шектеулерді қатаңдата түспек. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могеринимен Вашингтондағы кездесуде мәлімдеді деп хабарлайды Рейтерс агенттігі.

Ақпар бойынша, еуропалық дипломат та Ресейге қатысты саяси қысымды күшейту керектігін айтқан. Алайда, бұдан бұрын Брюссельдегі Еуроодақ кеңесінің жиынында Могерини Ресейге қатысты санкцияларды жеңілдету турасында да сөз қозғаған-ды.

Ал тараптар Украинаға қолдау көрсету қажет деген ұйғарымға келіп отыр. Бұл бастаманы АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы және 2016 жылғы президенттік сайлауға үміткер Хиллари Клинтон да қолдады.

Украиналық жағдайды саралай келе, Ресейге қосымша қысым көрсету керек деген шешімге келдік. Олар Минск келісіміне қол қоюлары тиіс. Қазіргі таңда Украинаға экономикалық дағдарыстан шығуға қол ұшын созбақпыз.

Жұрағат БАМАН