Ақтауда азаматтарға мемлекеттен берілген 80-нен астам жер
телімінің пайдаланылмай отырғаны анықталды. Өткен жылдың ішінде мұндай 7 жер
учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Қалалық әкімшілік алған жерлерін іске асырмай отырған қожайындарды
анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды жергілікті «Тумба»
порталы.
Бүгінге дейін анықталған 83 жер телімі қонақ үй, кеңселер, бизнес
орталықтары мен өндірістік базалар салуға берілген. Іс материалдары, прокуратураның жерлерді мемлекет меншігіне қайтарумен айналысатын жедел топтың
қарауына ұсынылды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ