Русский Сайттың толық нұсқасы

Азаматтар көбіне емханалардағы ұшы-қиыры жоқ кезек пен көрсетіп жатқан дәрігерлік көмекке наразы

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 1380

Емханаларда көрсетілер дәрігерлік көмек пен мамандардың біліктілігіне Орал қаласы тұрғындарының көңілі толмайды. Бұл туралы қаладағы емдеу мекемелерінде сауалнама жүргізген облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.

Азаматтар көбіне емханалардағы ұшы-қиыры жоқ кезекке наразы. Қабылдауға күні бұрын жазылғанымен, жазылған уақытында дәрігерге көріне алмайтындарын айтып шағымданған. Оған қоса сарыла күтіп дәрігер бөлмесіне кіргенмен, дүрыс көңіл бөлінбейтінін айтыпты.

Сондықтан, ақшасы барлары жеке емханаларды таңдайды. Дәрігерлердің жауапсыздығы мен дөрекі мінезіне мін артқандардың қатары 60 пайызға жеткен. Ал сапасыз дәрі-дәрмектен жапа шеккендер 15 пайызды құраған.

Дегенмен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері орын алған олқылықтарды жою мақсатында жұмыс жасап жатқанын, ал алдын ала жазылу жүйесінің бұрыңғы жүйемен салыстырғанда тиімді екенін жеткізді.

Меңтай Сұлташева, Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы:

Сауалнама нәтижесінде мынадай арыз-шағымдар түсіп жатыр, яғни, дәрігердің қабылдауына келген кезде дәрігер алдымен өзінің телефонына келген қоңырауын алады, соған жауап береді. Одан кейін смс келсе, смспен жауап береді. Уатсаппен хат алмасады немесе интернетке кіріп қажетті ақпаратын алады. Тіпті алдындағы отырған науқасты ұмытып кетеді деп шағымдануда. Бұл яғни, дәрігерлердің өздерінің кәсіби біліктілігіне деген жауапсыздығын көрсетеді.

Ерлан КАРИН