Алдағы
үш күнде қатты аяз сақталады. Бұл Скандинавия аралынан келген антициклонның әсері,-
дейді синоптиктер. Үскірік аязға байланысты бүгін Астана мектептерінде сабақ тоқтатылды. Таңертең ауа температурасы -37 градус
шамасында болды.
«Осыған байланысты елорда мектептерінде сабақ өткізілмейді»-
деп хабарлады, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері. Ал «Қазгидрометтің»
болжауынша, бүгін күндіз Астанада ауа температурасы -23 градус, жылдамдығы
секундына 5-10 метрге жететін жел соғады.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан
облысында да сабақ тоқтатылған. Аймақта ауа температурасы минус 36 градус. Оған
қоса Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында да аяз күшейеді.
Қазгидрометтің болжауынша, қаңтардың 29-нан бастап аяздың беті қайтады.
Мөлдір Есқалиева, «Қазгидромет» РМК І- санаттағы инженер синоптигі:
Солтүстік
облыстарда түнгі сағаттарда 25-30, кей жерлерде 33 градус аяз болады. Орталық Қазақстанда
кей жерлерде 32-37 градус аяз болады. Еліміздің Шығысында 35-40, кей жерлерде
30 градус аяз болады. Оңтүстік облыстарда 10-15, кей жерлерде 15-20 градус аяз
болады. Ал еліміздің батысында 13-18, кей жерлерде 23 градус болады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ