Русский Сайттың толық нұсқасы

Үскірік аязға байланысты бүгін Астана мектептерінде сабақ тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 2234

Алдағы үш күнде қатты аяз сақталады. Бұл Скандинавия аралынан келген антициклонның әсері,- дейді синоптиктер. Үскірік аязға байланысты бүгін Астана мектептерінде сабақ тоқтатылды. Таңертең ауа температурасы -37 градус шамасында болды.

«Осыған байланысты елорда мектептерінде сабақ өткізілмейді»- деп хабарлады, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері. Ал «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін күндіз Астанада ауа температурасы -23 градус, жылдамдығы секундына 5-10 метрге жететін жел соғады.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында да сабақ тоқтатылған. Аймақта ауа температурасы минус 36 градус. Оған қоса Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында да аяз күшейеді. Қазгидрометтің болжауынша, қаңтардың 29-нан бастап аяздың беті қайтады.

Мөлдір Есқалиева, «Қазгидромет» РМК І- санаттағы инженер синоптигі:

Солтүстік облыстарда түнгі сағаттарда 25-30, кей жерлерде 33 градус аяз болады. Орталық Қазақстанда кей жерлерде 32-37 градус аяз болады. Еліміздің Шығысында 35-40, кей жерлерде 30 градус аяз болады. Оңтүстік облыстарда 10-15, кей жерлерде 15-20 градус аяз болады. Ал еліміздің батысында 13-18, кей жерлерде 23 градус болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ