Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда «ақылды аялдама» жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 1606

Қызылжарда «ақылды аялдама» жұмысын бастады. Оның барлық жағы қымтап жабылған. Шыны және пластикпен қапталған нысан қыста электр пешімен жылытылса, жазда салқындатылады. Оған қоса тегін ғаламтор желісі бар.

Сондай-ақ, коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік беретін арнайы терминалдар қойылған. Аялдаманың жан-жағынан бейнекамералар орнатылған. Осының арқасында тұрғындар келген-кеткен автобустардың бәрін көріп отырады.

Аялдаманың «ақылды» атануы кездейсоқ емес. Мұнда сан түрлі бағыт бойынша қатынайтын қоғамдық көліктердің барлығын «GPS» арқылы арнайы монитордан бақылап отыруға мүмкіндік бар. Идея авторы - Петропавлдағы жеке кәсіпорындардың бірі.

Мекеме жетекшісінің айтуынша, бұл ТМД-да теңдесі жоқ аялдама. Кәсіпорын бар шығынды көтерген. Әзірге бір ғана аялдама қолданысқа берілді. Болашаққа шаһар көшелерінде  ақылды аялдаманың тағы бірнешеуін орнату жоспарланып отыр.

Бауыржан Халықов, Компания басшысының міндетін атқарушы:

Бір аялдаманың бағасы 9 млн. теңгенің аясында. Қоятын жерлерді ойлаймыз, көп жолаушылар жиналатын орындар болады. Және көп автобус өтетін орындар болады. Егер кісілердің жиналуы аз болса, онда жәй шыны аялдаманы қоямыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН