Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованы қабылдады

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2015
  • 958

Биылға жоспарланған ауқымды мәдени шаралар жоғары деңгейде атқарылуы тиіс. Елбасы жауапты азаматтардан осыны талап етеді. Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованы қабылдады. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы мерекелерге дайындық барысын баяндады. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл, Жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

Президент мерейлі даталар орталық және аймақтық деңгейлерді қамтуы тиіс екенін атады. Айтуынша, елдігімізді нығайтып, ынтымақ пен татулықты берік сақтауда - бұл мерекелердің маңызы зор. Жастарға патриоттық тәрбие беруге де септеседі. Кездесу соңынан Елбасы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА