Русский Сайттың толық нұсқасы

Standard & Poors халықаралық агенттігі Ресейдің несие рейтингін ең төменгі, шекті деңгейге түсіріп тастады

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2015
  • 1581

Standard & Poors халықаралық агенттігі Ресейдің несие рейтингін ең төменгі, шекті деңгейге түсіріп тастады. Бұл туралы «Bloomberg» хабарлайды. Агенттік Ресейдің қаржы-несие саясаты жайсыз әрі шектеулі екенін және болашақта экономикалық өсім болмайтынын болжап отыр.

Сондай-ақ, сыртқы қысымның әсерінен экономика мемлекеттің қаржылай қолдауына зәру екенін хабарлайды. Ал бұл елдің ішкі қорын тауысады,-деп атап өткен. Бұдан біршама уақыт бұрын тағы бір беделді рейтинг агенттігі Fitch - Ресейдің несие рейтингін бір сатыға төмен түсірген.

Оны рубльдің әлсіреп, мұнай бағасының төмендеуімен байланыстырды. Соңғы жаңалықтың әсерінен Ресейде еуро мен доллар қайта күш алды. АҚШ валютасы 4,19 рублге қымбаттап, 68,43 ке жетті.

Ал бір еуро 77,27 рублге дейін өсті. Алайда,елдің қаржы министрі Антон Силуанов рейтингтің төмендегенін дабыра қылып қажет емес,-деген пікірде. «Шет елдік активтер ел экономикасынан шығу үшін, бір ғана агенттіктің бағасы жеткіліксіз. Кемінде екі агенттік шекті рейтингті белгілеген жағдайға инвесторлар алаңдай бастайды» ,- деді Силуанов.

Мөлдір ДЮСЕКИНА