Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда көлік апатына себепкер болған 31-бағыттағы автобус жүргізушісінің денсаулығы оңалып келеді

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2015
  • 1118

Алматыда көлік апатына себепкер болған 31-бағыттағы автобус жүргізушісінің денсаулығы оңалып келеді. Бұл туралы №7 қалалық ауруханасының дәрігерлері айтты. «Қазақфильм» шағын ауданындағы жол апаты кезінде екі аяғы сынып қолдары зақымданған Жәңгір Боқашевтың жағдайы - орташа, бірақ  толық сауығып кетуі үшін, кем дегенде, 3 ай мерзім қажет»,- дейді мамандар.


Қуаныш Байкөбесов, Алматы қаласындағы №7 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

Жағдайы қалыпты, келесі аптада емханада емделу үшін, ауруханадан шығарамыз. Қазір жараның айналасы еш асқынусыз жазылып жатыр. Басы да бір қалыпты, есін біледі. Сұрақтарға жауап бере алады.

Автобус жүргізушісі автопарк басшылығы тарапынан қысым жасалып жатқанын айтады. Мекеме директоры мен орынбасары ауруханаға келіп, жүргізушіден «тежегіш істен шықты» деген мәселені көтермеуді ескерткен. Алайда сол күні көлік тізгініне ие бола алмай қалған Жәңгір Боқашев техникалық ақау болғанын, соның кесірінен жаппай көлік апаты туындағанын мәлімдеген еді. Жүргізуші өтемақы талап етіп, арыз жазбаған. Ол мұнымен ауруханадан шыққан соң айналысатынын айтады.

Жәңгір Боқашев, автобус жүргізушісі:

Маған келіп, рөлге ие бола алмай қалдым деп, айт деді. Ал тежегіш істен шықты дегенді айтушы болма, деді. Мұны автопарктің директоры мен оның орынбасары келіп айтты. Қалай мен сол жапа шеккен тоғыз машинаның шығынын мойныма аламын!? 

Берік ХАСЕНОВ