Русский Сайттың толық нұсқасы

Обама мен Меркель Ресейге деген қысымды арттыруға келісті

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2015
  • 1531

Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Associated Press»:«Обама мен Меркель Ресейге деген қысымды арттыруға келісті. АҚШ Президенті мен Германия канцлері телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылап, осындай шешімге келді»,-деп хабарлады.

Барак Обама мен Ангела Меркель сепаратистерді жақтап, бейбіт келісімде көрсетілген өз міндеттерін орындамағаны үшін Мәскеуді жауапқа тартуға уағдаласты. Тараптар Украинаның экономикасы аяғына тұрып, жағдайы түзелгенше қаржылай көмекті жалғастыра беруге де келісті.

Ал ертең, яғни 29 қаңтарда Еуропалық одақ елдері Сыртқы істер министрлері бас қосады деп жоспарланған. Украинадағы жағдайдың ушығуы - жиынның басты тақырыбы болмақ. Брюссель Ресейге экспортталуға тыйым салынған тауарлар мен технологиялар тізімін кеңейтуді қарастырып жатқаны туралы бұған дейін талай айтылып келеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ