Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оқу курстары ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2015
  • 1325

Тобыл өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оқу курстары ұйымдастырылды. Игі шараға Қостанайдағы «Үміт» қоғамдық қоры мұрындық болды. ««Еңсеру» орталығындағы оқу курстары осымен екінші рет өткізіліп отыр»,- дейді ұйымдастырушылар.

Бұған дейін 3 айлық оқуды 48 адам тәмамдаған. Бұл жолы білімін тереңдетуге 40 адам тілек білдірді. Олардың көбі жастар. Курсқа қатысушылар «Іс жүргізу», «Баспа дизайны», «Фото ісі» және «Қолданбалы өнер» секілді төрт бағытта сауаттылығын шыңдайды. Оқуды аяқтағандарға арнайы куәлік беріліп, жұмысқа орналасқысы келетіндер тізіміне енгізіледі.

Аруна Жақсығұлова, «Үміт» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары:

Көбінесе мүгедек жандар үйлерінде оқып, үйлерінде білім алады. Олар енді жұмысқа кірудің алдында басқа замандастарына қарағанда білімі кішкене төмен. Сондықтан енді осындай курстар көбірек болуға тиісті. Біріншіден, мүгедек жандарға талпыныс сонымене қатар, ол мүгедек жандарға талпыныс сосын, ол мүгедеек жандар мен осыны істей алам деп өздеріне сенім беруі керек.

Нұрзия Сақытбаева, курсқа қатысушы:

Бұл курсқа қатысып жүргенім қағаздарды өзім толтыруым үшін, біреудің көмегіне жалынбауым үшін қажет. Келешекте жұмысқа да орналасып қалуым мүмкін. Ол да артық болмас. 


Заңғар САНАЙ