Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жасөспірім оқушы «Лексус» көлігін жүргізіп жүр

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 1259

Қарағандыда жасөспірім оқушы «Лексус» көлігін жүргізіп жүр. Оқиға көліктің бейнетіркегішіне жазылып қалған. You Tube сайтының қолданушысы оны көпшілік назарына ұсыныпты. Мектептен шыққан жасөспірім қыз, көліктің роліне отырады.

Оның қасына жас баласы бар әйел адам жайғасқан. Бір мезетте көлік орнынан ақырындап қозғалып, жүріп кетеді. Қыз баланың жасы шамамен 14 те деп жазады ғаламтордағы видео авторы.

Бұл бейнені сайтқа кірген 63 мың қолданушы тамашалаған. Олардың жартысы бұл материалды полиция қызметкерлеріне тапсыруға кеңес берген. Олардың пайымдауынша, «Ереже бұзғандарға айыппұл салу керек». Ал, енді біреулер - оқушы қыздың көлік жүргізуін заңдылық, деп қабылдады.

Самат ҚАНАҒАТОВ