Русский Сайттың толық нұсқасы

ТЖД мамандары Шығыс Қазақстандағы қала тұрғындарына сыртқа шықпауға кеңес берді

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 1384

ТЖ қызметі мамандары Өскемен мен Риддер қаласының тұрғындарына көшеге шықпауға кеңес берді. Сондай-ақ, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындарына да бүгін кешкі 21-00-ге дейін, реті келсе үйде отырған абзал деп отыр.

Бұл жөнінде ҚазАқпарат хабарлады. Өйткені, «Қазгидромет» орталығы бұл кезде аймақта ІІ дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алады деп болжаған. Еске сала кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдай басталған кезде атмосфераның жер бетіндегі қабатына ластаушы заттар жинақталады.

Егер мұндай жағдай ұзаққа созылса, ауа тіпті жоғары деңгейде ластануы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде адам денсаулығына кері әсер ететіні белгілі.

Торғын ОСПАНБАЕВА