Русский Сайттың толық нұсқасы

Әсем Шаяхметоваға 5 ота сәтті жасалды

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 1289

 Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға бес бірдей операция сәтті жасалды. Бұл жайында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі ақпараты таратты. Қаңтардың 27-сі күні омыртқаға ота жасалыпты. Дәрігерлер: «Науқасқа омыртқа жүйесін орнына бекіту отасы ойдағыдай атқарылды» деп отыр.

Ал кеше науқасқа төрт операция қатарынан жасалған. Сол жақ жамбас сүйегінің сынығына және сол жақ жіліншек сүйегінің сынған жері мен оң жақ жіліншегінің жұқа ұлпасы ақауына тері пластикасы қойылған.

Бүгінде науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер Әсемнің жалпы жағдайын ауыр бірақ, тұрақты деп бағалауда. Оң жақ жіліншегінің жарақаттарын жазғаннан кейін ғана, қосымша оталарды жасау жоспарланған.

Еске салайық, 20 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданында «АН-2» ұшағы құлап, алты адам қаза тапқан болатын. Тек бір ғана жолаушы - Әсем Шаяхметова әуе апатынан ауыр зардап шегіп, аудандық ауруханаға жеткізілген еді.

Оған сол жақ жамбас және оң жіліншіктің ашық сынығы, бас сүйек-ми зақымы, бет терісінің сыдырылуы және 3 дәрежедегі зақымданудан есеңгіреу диагнозы қойылған болатын. Оқиға орын алысымен екі күннен кейін Әсем санавиация күшімен Астана қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ