Еуропалық Кеңес елдері сыртқы істер
министрлерінің басшылары Ресейге қарсы санкцияларды тағы жарты жылға ұзартты. Еуропа дипломатиясы басшысының ресми өкілі Федерика Могерини: «Министрлер-Украинаның
оңтүстік-шығысында орын алған қақтығысқа қатысы бар азаматтарға қатаң шара
қолданып, оларды қара тізімге енгізу керектігін»,- айтты.
Бастапқы санкциялар
17-ші наурызға дейін ұзартылған. Мариуполь қаласында орын алған қайғылы
жағдайдан кейін ресми Киев-бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылға Мәскеудің қатысы
бар деп кінәлады.
Австрия канцлері -Еуропалық Кеңес басшыларын-Ресейге қарсы
қысымды күшейтуге шақырды. Оның алдында Польша президенті Украинадағы жағдайға
Ресейдің тікелей қатысы бар екендігін айтып, Батыс елдерін қатаң шараларға
үндеген-ді.
Ресейге қарсы санкциялар өткен жылдың наурызында енгізілді.
Шектеулер Ресейдің бірқатар компаниялары мен кәсіпкерлерін қамтыды. Салдарынан
Ресей экономикасы әлсіреп, доллардың құны шарықтап кетті.
Өз кезегінде
Ресей-бірқатар мемлекеттерге қарсы азық-түлік импортын шектеді.
Самат ҚАНАҒАТОВ