Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропалық Кеңес елдері сыртқы істер министрлері Ресейге қарсы санкцияларды тағы жарты жылға ұзартты

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 1030

Еуропалық Кеңес елдері сыртқы істер министрлерінің басшылары Ресейге қарсы санкцияларды тағы жарты жылға ұзартты. Еуропа дипломатиясы басшысының ресми өкілі Федерика Могерини: «Министрлер-Украинаның оңтүстік-шығысында орын алған қақтығысқа қатысы бар азаматтарға қатаң шара қолданып, оларды қара тізімге енгізу керектігін»,- айтты.

Бастапқы санкциялар 17-ші наурызға дейін ұзартылған. Мариуполь қаласында орын алған қайғылы жағдайдан кейін ресми Киев-бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылға Мәскеудің қатысы бар деп кінәлады.

Австрия канцлері -Еуропалық Кеңес басшыларын-Ресейге қарсы қысымды күшейтуге шақырды. Оның алдында Польша президенті Украинадағы жағдайға Ресейдің тікелей қатысы бар екендігін айтып, Батыс елдерін қатаң шараларға үндеген-ді.

Ресейге қарсы санкциялар өткен жылдың наурызында енгізілді. Шектеулер Ресейдің бірқатар компаниялары мен кәсіпкерлерін қамтыды. Салдарынан Ресей экономикасы әлсіреп, доллардың құны шарықтап кетті.

Өз кезегінде Ресей-бірқатар мемлекеттерге қарсы азық-түлік импортын шектеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ