Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты қайта қарау керек - Бақытжан Сағынтаев

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 996

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген мемлекет қаржысының бір бөлігін шағын-орта бизнестің қайта өңдеу саласына қосымша қаржы түрінде жұмсау қажет.

Бұл туралы Алматыда кәсіпкерлермен кездескен Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, Елбасы жолдауы аясында 2015-2017 жылдарға арналған қыруар қаражатты бөлуде бизнеске басымдық беру қажет.

Бақытжан Сағынтаев: «шағын-орта бизнесті қолдауға 100 миллиард емес, 200 миллиард теңге керек»,-деп есептейді.

11 ақпанда Президенттің қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында, бағдарламаның жаңа жобасы таныстырылады, деп күтілуде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ