Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропа Кеңесі Ресей делегациясын ұйымға қайтаруға ниетті

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2015
  • 1157

Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы мониторинг комитетінің басшысы Стефан Шеннах - Ресей делегациясын Ассамблеяға қайтару үшін қолынан келгеннің бәрін жасамақ, -деп жазады «Коммерсантъ».

Ол:«28-қаңтардағы шешімге Мәскеу асығыс жауап қайтармайды»,- деп үміттенеді. Сәрсенбіде Ассамблея Мәскеуді дауыс беру құқынан сәуірге дейін айырған. Оған жауап ретінде ресейлік делегация өкілдері жыл соңына дейін Ресейдің сессияларға қатыспайтынын мәлімдеді.

Еуропа кеңесі - егер Мәскеу қақтығыстарды тоқтатса, Ресеймен келісімге келуге дайын. Қырымға қатысты позициясының кесірінен, Ресей делегациясы Еуропа Кеңесі ассамблеясындағы көптеген өкілеттік құқықтарынан айырылған еді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ