Грекия несие беруші үштіктің көмегімен берілетін қосымша
қаражатқа мұқтаж емес. Бұл туралы елдің қаржы министрі Яннис Варуфакис
мәлімдеді. Министрдің сөзінше, Афина Еуротоп, Еуропалық орталық банк,
Халықаралық валюта қорымен келіссөздерге баруға ниетті.
Алайда, «үштік» форматында олардың өкілдерімен кездескісі жоқ, деп хабарлайды Рейтерс. Елдегі реформалар бағдарламасы соңына жетпегендігінен,
Грекия 7,2 миллиард еуроны ақыры ала алмады. Бұған дейін, Варуфакис жаңа транш
елдің сыртқы қарызы мәселесін шешпейді деген-ді. Грекияның бас қаржыгері, жаңа
үкіметтің мақсаты - Еуропамен жаңа келісім жасасу деп отыр.
Яннис Варуфакус, Грекияның қаржы министрі:
Қарыз елдің Жалпы ішкі өнімі өскен кезде қайтарылуы тиіс.
Мақсатымыз тек Грекияны емес, күллі Еуропаны өзгерту. Қомақты несиені қарызынан
құтыла алмаған мемлекет алды. Бұл біздің серіктестеріміз үшін маңызды болып
отыр. Біз қарызды толық, әрі пайызымен қайтару үшін, жалпы соманың шегерілгенін
қалаймыз.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ