Ал Еуропалық комиссия
басшысы Жан-Клод Юнкер Грекияға халықаралық несие беруші «үштікті» таратып
жібермек. Бұл туралы Handelsblatt басылымы үкіметтік ақпарат көздеріне сілтеме
жасай отырып жазды.
Юнкер, Грекияның премьер министрі Алекс Ципрас қарсы шығып
отырған «үштікке» шұғыл түрде балама таппақ. Афина үшін қорлыққа тең
инспекция мен үштіктің таратылуын Германия үкіметі де қолдайды. Грекияға қарсы
қатал шектеулерді жалпы экономикалық мақсаттарға алмастыруға болады.
Алайда, Еурокомиссия
Грекия үкіметі өзінің ұстанған реформалар бағытын қолдаған күнде ғана мұндай
қадамға барады, деп жазады басылым. «Үштіктің» таратылуы осы аптада, Ципрастың
Брюсселге сапары кезінде талқылануы мүмкін деген ақпар бар.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ