Қызылорда
облысының күріш алқаптарында жақын арада заманауи комбайндар пайда болуы
мүмкін. Көп салалы
ауыл шаруашылық техникасының авторы - Жалағаш кентіндегі № 232 орта мектептің 11
сынып оқушысы Батыржан Қоныс. Өзінің инновациялық жобасын Батыржан «ЭКСПО -
2017» халықаралық көрмесіне ұсынбақ. Бірақ алдымен күн көзінен қуат алатын көп
салалы комбайнды өндіріске ендіргісі келеді.
Күннен тәулік бойында қуаттанатын
комбайн 2-3 күн кедергісіз жұмыс істей
алады. Әмбебап агрегат ауа-райы қолайсыз күндері де өз қызметін мінсіз атқара
береді. Батыржанның пайымдауынша, бұл комбайн елімізде күріш кластерін дамытуға
үлкен септігін тигізеді. Әзірге жас өрен ойлап тапқан комбайн моделі облыс әкімінің
назарына ұсынылды.
Батыржан
Қоныс, Жалағаш кентіндегі № 232 орта мектептің 11 сынып
оқушысы:
Қазіргі комбайндар шық түскенде
жұмыс жасамайды. Біздің комбайндарымыз ішінде кептіргіш бункері арқылы
ысырапсыз жинап алады. Екінші
ерекшелігі: жанар-жағармайды қажет етпейді. Және де қазіргі таңда алқапта екі
комбайн жұмыс жасайды: біріншісі орады, екіншісі сабағынан ажыратады. Сол екі қызметті
бұл комбайн бір мезетте атқарады.
Шарипа САҚТАПОВА