Русский Сайттың толық нұсқасы

Бразилиядағы құрғақшылық кофе бағасына кері әсер етуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2015
  • 1554

Бразилия халқы құрғақшылық зардаптарын тартуда. Салдарынан, билік, кофе құны арзандауы мүмкін деп алаңдаулы. Ел аумағында шаруашылық алқаптары құрғап қалған. Осындай қуаңшылық елде 85 жыл бұрын болыпты.

Биыл жауын-шашын мөлшері де айтарлықтай аз. Сан-Пауло мен Рио-де-Жанейро сынды алып шаһарларда  ауызсу тапшылығы сезіле бастады. Сумен қамтамасыз ететін компаниялар тұрғындарды тіршілік нәрін барынша үнемдеуге шақыруда.

Тағы алты қалада электр қуатын беру жұмыстары іркілді. Әсіресе елдің ауылшаруашылық саласы көп зардап шегуде. Климат қолайсыздығынан мемлекеттің экспортқа шығаратын негізгі өнімі - кофе өспей жатыр - деп, Рейтерс хабарлады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА