Pegida, яғни «Патриот еуропалықтар Батыстың
исламдануына қарсы» қозғалысының Асвстриядағы алғашқы шеруін полиция күшпен
қуып, таратты. Тәртіп сақшыларының бұл қадамы, қозғалыстың жақтастары мен
қарсыластары арасындағы қақтығыстың алдын алды.
Рейтерс агенттігінің
хабарлауынша, қарсы екі тараптан жиналған мыңдаған адам бейбіт түрде
үйді-үйлеріне тарқасты. Ал, Германияда керісінше, Pegida қозғалысына
қарсылар Кассел, Магдебург, Брауншвайг және Франкфурт сынды ірі қалалардың
көшелеріне шықты.
Мюнхен көшелеріндегі төзіміділік пен бейбітшілікті ұран еткен
шеруге, полицияның есебінше, 15 мың адам қатысқан. Франкфурттегі акция кезінде
Pegidaның 90-ға жуық жақтасы жиналып, жағдайды ушықтырды.
Жиналғандар петард
жарып, бөтелке лақтыру сынды тәртіпсіздіктерге барыпты. Жергілікті полиция
бірнеше адамның ұсталғандығын хабарлағанмен, жағдай қалыпты деп мәлімдеді.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ