Русский Сайттың толық нұсқасы

Бақытжан Сағынтаев: Отандық бизнесті қолдап, жұмыссыздыққа тосқауыл қою - ел үкіметінің басты міндеті

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2015
  • 1748

Премьер-министрдің екі орынбасары республика өңірлерін аралауды жалғастырып жүр. Бүгін түс ауа аймақтарға жұмыс сапарын Шымкентте жалғастырған бірінші вице-министр Бақытжан Сағынтаев, отандық бизнесті қолдап, жұмыссыздыққа тосқауыл қою ел үкіметінің дәл қазіргі басты міндеті екенін, айтты. Ұлттық компаниялар тауарлар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті кәсіпкерлердің үлес салмағын арттыруға ден қоюы керек.

Бірінші вице-премьер бұл бағытта Үкімет тарапынан да ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Оңтүстікте индустриалды аймақтардың жұмысы қарқынды. Тауар өндіруші кәсіпорындардың үлес салмағы басым. Дей тұрғанмен,  бірқатар  өндіріс және кәсіпорын басшылары өздерінде бар қиындықтарға үкіметтің араласуын сұрады. Қайсыбірі нақты қолдау болмаса тығырыққа тірелетінін айтса, кейбірі тіпті экспортқа тауар шығаруға үкімет қол ұшын созса деген өтінішін жеткізді. Бақытжан Сағынтаев, қолдан келгенше, бұл мәселерді шешу жолы қарастырылады, деді. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Құдайға шүкір, беріліп отырған қаржы бар. Көлемі бюджеттен беріліп отырған бұрынғыдан төмен, бірақ дегенмен де әлеуметтік салаға беріліп отырған қаржы бар. Сол себептен негізгі осы мақсаттағы жұмыстың сіздердің  жұмыстарыңыздың көлемін арттыру, номенклатурасын товардың арттыру, қарқындарыңызды көбейту . Ең басты мақсат - жұмыс орындарын сақтау. Бұл жұмыс орындарын сақтау. Бүгінгі күні Елбасымыздың барлық өңір әкімдеріне қойып отырған негізгі тапсырмасы да әрі негізгі талабы.

Жиын соңында өңірдегі ірі компаниялар мен жергілікті билік арасында кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын сақтау жөнінде меморандум бекітілді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ