Русский Сайттың толық нұсқасы

Egov электронды үкімет порталында жаңа қызметтер пайда болды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2015
  • 1179

Egov порталы- шетелге шығуға салынған тыйымдар мен жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұл туралы хабарлап отырады. Қазақстанда электронды үкімет қызметінің қатарына    жаңа ескертулер енгізілді.

Міндетті техникалық тексерістен өту, жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу, борышкерлерді енгізуді  ескертіп отыратын бөлімдер бар. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі хабарлады.

Хабарламалар электронды үкімет порталының «Жеке кабинетіне» түсіп отырады. Сондай-ақ, «дербес құжатнамадағы» электронды мекен-жай мен ұялы телефон нөміріне де хабар келіп тұрады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА