Русский Сайттың толық нұсқасы

Семей гарнизоны судьясы заңсыз үкім үшін қызметтен кетті

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2015
  • 1616

Семей гарнизонының судьясы заңсыз үкім шығарған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев мәлімдеді. Әскери соттың өткен жылғы жұмыстарын қорытындылай келе ол, судьялардың қате жібермеуі қатаң қадағалауға алынғанын айтты.

Сондай ақ төраға, Семей гарнизонындағы жайтқа жеке тоқталдыәскери қызметкер әріптесінен қарызға ақша алып, оны қайтармаған. Бұл-азаматтық қарым-қатынастарға жататын дүние. Бірақ оны, прокурор да, судья да алаяқтық ретінде дәрежелеп, айыпталушыға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен»,-деді.

Ақырында, сотталушы жақ шағым түсіріп, іс қайтадан  апелляциялық сотқа жіберілген. Нәтижесінде, сотталушы азамат ақталып шықты. Ал, оны соттаған судья-Әбдіхалықов  өз еркімен жұмыстан кеткен.

Сәкен Абдуллаев, Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы:

Семей горнизонының судьясы Әбдіхалықов деген судьямыз болды. Сол заң бұзушылыққа жол беріп, бір әскери қызметкер бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Түбінде келіп ол азамат ақталды. Оған қатысты қылмыстық іс қысқартылды. Себебі, оған қатысты қылмыстық істің болмауына байланысты қылмыстық іс қысқартылды. 

Әскери сот дерегінше, 2014 жылдың 12 айында гарнизондық әскери соттарда 335 қылмыстық іс қаралған. 287 қылмыстық іс бойынша үкім шыққан.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА