Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ президенті «Ресейдің басқыншылық саясатына» қарсы қаражат сұрап отыр

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2015
  • 1428

АҚШ-тың 2016 жылға арналған бюджетіне «Ресейдің басқыншылық саясатына» қарсы қосымша қаражат қарастыру керек. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама бюджет бойынша жасаған жолдауында мәлімдеді, деп Ақ үйдің ресми сайты хабарлады.

Құжатқа Мәскеудің
«агрессивті саясатына» қарсы НАТО мен еуропалық серіктес-мемлекеттерді саяси, әскери және экономикалық тұрғыда қолдау мәселесі енгізілген. Сондай-ақ, Барак Обама одақтас елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Америка бюджетінен 789 миллион доллар қарастыру қажет екенін айқан.

Ол ресейлік саясатқа қарсы бөлінген қаржының 117 миллион долларын Украинаға, 51 миллион долларды Молдова және Грузияға жөнелтуді ұсынды. АҚШ лидері өз жолдауында демократияны қолдау, жемқорлыққа қарсы шараларды қатаңдату, энергетикалық қауіпсіздік және Еуропалық одақпен ықпалдастықты нығайта түсу мақсатында да бюджеттен қаржы бөлу қажеттігін тілге тиек еткен.

Жұрағат БАМАН