Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда мектеп оқушылары робот жасауды үйренбек

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2015
  • 2170

Қарағандыда бірнеше үздік оқушы робот жасауды үйренбек. Осы мақсатта 5 бірдей білім орнында робот техникасы зертханалары ашылды. ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шаралары аясында әр мектепке құны 2 млн.теңге тұратын атақты ЛЕГО роботтары сатып алынған. Балалар оларды танып,біліп қана қоймай, қалай жасауды да меңгермек.

Бұл балалар үшін ойыншық емес, нағыз шығармашылық жұмыс. Оқушылар роботтардың өндірістік бағдарламаларын үйреніп одан әрі жетілдіреді. Түрлі бұйрықтар мен тапсырмаларды орындауға үйретпек.

Жас өнертапқыштардың айтуынша, оларды өндірісте, құрылыста, күнделікті тұрмыста, тіпті мектеп пәндерін жетілдіру үшін де пайдалануға болады. «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары робот техникасы зертханасына ерекше қызығушылық танытып отыр.

Жыл басынан бері жүзден астам оқушы арнайы сабаққа қатысуда. Олар роботтармен аптасына 6 рет жұмыс істейді. Ал, ұстаздар Ресейдің Санкт Петербург қаласында білімін жетілдіріп келген.

Арслан Жанасыл, «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы:

Біз осы роботтарды көптеген қиын жерлерде, өте үлкен заттарды тасуда қолдана аламыз. Шығармашылық тұрғысынан қызықты. Болашақта оларға көптеген бағдарламалар енгізіп, өзгерте аламыз.

Мархабат Жарылғасова, «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы:

Балалардың робота техникаға қызығушылығы жоғары. Математика, биология, басқа да пәндерді оқуда пайдалана алады. Сабақта белгілі мақсатта жұмсағылары келеді.

Айжан ҚУАШ