Русский Сайттың толық нұсқасы

ATR 72 ұшағының апатынынан ажал құшқандардың саны 31- ге жетті

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2015
  • 990

Тайвань астанасы Тайбэйде құлаған ATR 72 ұшағы апатынан ажал құшқандардың саны 31 адамға жетті. Тағы 15 адам жараланған, 12 адам хабар-ошарсыз. Бұл ақпаратты ТАСС агенттігі жаңартты.

Түнде құтқарушылар кранның көмегімен ұшақ бөлшектерін судан шығарды. Әуе кемесінің алдыңғы бөлігінен қайтыс болған екі ұшқыш пен бортинженердің мүрделері табылды.

Азаматтық авиация қызметінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған кеменің өткен жылдың сәуірінде қозғалтқышы ауыстырылған.

Ведомство бұл жұмыстарды тайваньдық мамандар жүргізгенін мәлімдеп отыр. Ұшақ соңғы рет қауіпсіздік тексерістен 26 қаңтарда өткен. Қазір Тайвань билігі осы типті, франко-италиялық ұшақтардық ұшырылымына шектеу қойды.

Франция тарапы болса, аралға ақауды тексеретін арнайы топ жібермек. Еске салсақ, «TransAsia» әуе компаниясының ұшағы кеше «Суншань» әуежайынан Цзиньмэнь аралдарына қарай ұшқан сәтте көпірге тиіп, Цзилун өзеніне құлады.

Оның ішінде 53 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болды. Жолаушылардың арасында екі бала болған. Зардап шеккендердің бірқатары салоннан өз беттерінше шықты.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА